Алқабилер ақтап шыққан Кәрім Көкірекбаев қайта қамауға алынды

/image/2024/07/26/crop-18_85_620x1102_8bfcadd3cf81770e.jpeg

Бұған дейін алқабилер ақтап шығарған "Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ақтау туралы үкімнің күші жойылды. 25 шілдеде Алматы облысының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Көкірекбаевқа қатысты істі апелляциялық сатыда қарады.

"25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Кәрім Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды", - делінген хабарламада.

Кәрім Көкірекбаев сот залынан қамауға алынды.

Еске салайық, 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, "Қазселқорғау" мемлекеттік мекемесінің экс-басшысы Кәрім Көкірекбаевтың ұсталғанын хабарлады. Ол бірнеше рет аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталған. 2024 жылдың 7 маусымында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен Көкірекбаевты ақтап шығарған. Кейіннен Бас прокуратура Көкірекбаевтың ісі бойынша үкімге наразылық білдіретінін жеткізген болатын. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар