Айдарбек Қожаназаров татамиде өжеттік танытып, күші сарқылғанша белдескен Әбиба Әбужақынова риза болғанын айтты. Ол Париж төрінде өнер көрсеткен қазақ қызының тәрбиесі мен тектілігіне таңданғанын да жасырған жоқ.
- Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алмадым. Оған себеп - Әбиба қарындасымның көз жасы. Бұл намыстың көз жасы. Бұл тектіліктің белгісі. Бұл үлкен тәрбиенің үлгісі! Қысқасы, Әбиба қызымызға өз атымнан арнайы сыйақы беремін. Парижде Қазақстанның абыройын қорғаймын деп барын салды. Жарақат алса да қайтқан жоқ. Осындай еңбекті бағалау керек. Осындай патриоттықты насихаттау керек! Қанеки, жалғастырайық, қазақтың жігіттері!, -деді Айдарбек Қожаназаров.
Айта кетейік, күні кеше айтыскер ақын Мұхтар Ниязов атымтай азаматтарды Әбиба Әбужақынованы қолдауға шақырған еді. Ал Әбибаның өзі Париж Олимпиадасында жүлде ала алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады.
Пікір қалдыру