Әлібек Қуантыров СІМ орынбасары болып тағайындалды

/image/2024/07/30/crop-0_35_720x1280_5280583937799871517.jpg

Президент өкімімен Әлібек Қуантыров Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Әлібек Сакенұлы Қуантыров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды"– делінген ресми хабарламада. 

Бұған дейін бұл қызметті Назира Нұрбаева атқарған. Президент жарлығымен Нұрбаева лауазымынан босатылды. 

Айта кетейік, Әлібек Қуантыров 2021-2022 жылдары ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған. Ал 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ұлттық экономика министрі болды. Биыл сәуір айынан бастап ол KazEnergy компаниясының бас директоры болып тағайындалған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар