Иранда ХАМАС жетекшісі өлтірілді, топтасқан ұйым Израильді айыптайды

/image/2024/07/31/crop-48_6_431x766_065404572700.jpg
Палестиналық ХАМАС топтасқан ұйымы саяси жетекшілері Исмаил Хания Тегерандағы резиденциясында Израиль соққысынан қаза тапқанын хабарлады.

ВВС мәліметінше, ХАМАС жетекшісінің қазасына себеп болған соққы қалай жасалғанын жарияламаған. Израиль билігі Ханияның өлімі туралы мәлімет таратпады.

Кей араб басылымдары ХАМАС жетекшісі зымыран соққысынан қаза тапқанын жазып жатыр, алайда ақпарат нақтыланбады.

Хания Иран астанасына жаңа президенттің ұлықтау рәсіміне қатысуға барған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар