Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты.
Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.
Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын.
Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.
Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.
Пікір қалдыру