Париж Олимпиадасы жүлдегерлерінен коронавирус анықталуына байланысты президентпен кездесу кейінге шегерілді

/image/2024/08/15/crop-4_155_670x1190_full_17236434717d65ec307b04798b89639f91868719df_webp.webp

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше,Тоқаев Ұлттық құрама мүшелерімен 15 тамызда кездесуді жоспарлаған. 

“Мемлекет басшысы 14 тамызда Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Президент Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған еді. Өкінішке орай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз”, – деді Берік Уәли.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайтынын жеткізді. Кездесу тамыз айының соңына жоспарланған екен. 

Туризм және спорт министрлігі қанша спортшының коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады.

"Команданың үш жүлдегері мен екі жаттықтырушысынан COVID-19 анықталды. Олардың ПТР тесті оң нәтиже берді. Олар қазір оқшауланған", – делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметінше, спортшылар ем қабылдап жатыр.

"Ауру жеңіл. Олардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Команданың басқа мүшелерінен вирус анықталған жоқ", – деді министрлік. 

Айта кетейік, бұған дейін 14 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасы жеңімпаздары мен бапкерлерін марапаттаған еді. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар