"АЭС салу жемқорлыққа ұласпай ма?". Министр пікір білдірді

/image/2024/08/27/photo_426453.jpeg

Үкіметтің баспасөз орталығында БАҚ өкілі министрге "Атом электр станциясына бөлінген қаржы ұрланып, жемқорлыққа ұласпай ма? Салдарынан жобаның іске асуы күмәнді болмай ма?" деген сұрақ қойды.

Атом станциясын салу бойынша көпдеңгейлі бақылау механизмі бар. Бұл кез келген заңсыз әрекеттің барлық тәуекелін барынша азайтатынына сенімдімін. Мен министр ретінде бұған барынша ықпал етемін. Сондай-ақ қоғам, журналистік қоғамдастық алдында қабылданған шешімдер туралы үнемі есеп беремін, - деп жауап берді ведомство басшысы.

Еске сала кетейік, осыған дейін, Премьер-министр Олжас Бектенов елімізге АЭС салынса, құрылыс қатаң бақылауға алынатынын айтты. АЭС бойынша референдум өткізу туралы Үкімет қаулысының жобасы Президент қарауына ұсынылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар