ҚМА Thefiniko қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жариялады

/image/2024/08/29/crop-36_10_874x1132_649e6d0939a0d450911301.jpg

Қаржы мониторингі агенттігі Thefiniko қаржы пирамидасының басшысы Дана Батыршинаға  халықаралық іздеу жариялады. 

Ол қазақстандықтардың 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ доллары көлемінде қаражатын заңсыз жолмен алған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәлімдеуінше, Thefiniko компаниясы сауда және инвестиция платформасы деп аталғанмен, әлемдік биржалардың ешқайсында тіркелмеген. 

Айта кетейік, Батыршина 1976 жылы дүниеге келген Ташкент қаласының тумасы. Ол 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Thefiniko-ны басқарған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар