Ақпаратты 4 қыркүйекте Сыбайлас кемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі растады.
Тергеу билік пен лауазымдық өкілетін асыра теріс пайдалану фактілері бойынша жүргізілмек.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әрекеті әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда", - делінген Антикор таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат таратуға жатпайтындығы айтылды.
Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарады. Бұған дейін Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.
Пікір қалдыру