Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында оқушылар жанжалдасып, салдарынан Копин орта мектебінің 9 сынып оқушысы қаза тапқан. Бұл туралы жергілікті Диапазон сайты хабарлады.
Облыстық полиция департаменті фактіні растап, жанжал қатысушылары полициға жеткізілгенін, екі күдікті ұсталғанын хабарлады.
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан оқиға сабақтан тыс уақытта болғанын, мектепте тәртіпті күшейту және булингке қарсы шаралар қабылданғалы жатқанын жеткізген. Оның айтуынша, жанжалға қатысқан оқушылар жағдайы жақсы отбасыдан шыққан, қандай да бір есепте тұрмаған.
Ақтөбеде бұған дейін де жанжал салдарынан 14 жастағы оқушы қаза тапқан. Оқиға биыл сәуірде спорт мектептерінің бірінде болған.
Пікір қалдыру