Маңғыстауда балалар тағы жаппай уланды

/image/2024/09/13/crop-19_28_654x1163_66e3dc71957c4690293204.jpg

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 16 бала уланып, аудандық ауруханаға жүгінген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы балалар жеңіл уланғанын, ауыз қуысын шайып, дәрі тамызылғаннан кейін бірден ауруханадан шығарылып, бүгін сабақтарына барғанын хабарлады.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма мамандары зерттеу үшін мектеп тамағы мен суының сынамасын алып, сараптамаға жолдағанын жеткізді.

Бұл – облыстағы оқу жылы басталғаны тіркелген екінші улану дерегі. 6 қыркүйек күні Мұнайлы ауданындағы №8 мектептің 460 баласы уланған. Аталған дерек бойынша полиция "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу" айыбы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар