Ресейдегі утильалым Қазақстанға әсер етеді ме?

/image/2024/09/19/crop-23_6_468x831_image_870x_66055c83779be.jpg

Бұған қатысты Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Ресейде утиль алымына қатысты заңнаманың өзгеруіне қатысты Қазақстанда алаңдауға негіз жоқ деп мәлімдеді. 

Яғни, ол Қазақстанда утиль алымды көтеру мәселесі әзірге қаралып жатпағанын айтқан. 

- Утиль алымға қатысты шағым ресми түрде түскен жоқ, бірақ біз "Тиктокта" осы тақырыпқа қатысты наразылық барын байқап отырмыз. Бірақ оның қандай норма екенін нақты түсіну қажет, – деді вице-министр Олжас Сапарбеков. 

Дегенмен, 2025 жылы утиль алымы өседі, деп жазады басылым. Бірақ, бұған Ресейдегі өзгерістер мен Қырғызстанда утиль алымын енгізу бойынша бастамалардың әсері жоқ. Өсім Қазақстандағы жыл сайынғы айлық есептік көрсеткіштің өсіміне байланысты болады. Биыл АЕК 3692 теңгеге тең болса, 2025 жылы ол 3932 теңгені құрайды. 

"2025 жылы қозғалтқыш көлемі 1000 текше сантиметрге дейінгі жеңіл автомобильді елге әкелу үшін кем дегенде 294 900 теңге төлеу қажет болады" делінген басылымның материалында. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар