ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақпен 14 адам, оның ішінде 5 бала құтқарды және 16 адамды эвакуациялады. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде 20 шаршы метр алаңда жиһаз және үй заттары жанған. Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің алдын ала шығу себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы,- делінген Алматы қаласының ТЖД Баспасөз қызметі мәлімдемесінде.
Пікір қалдыру