1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

/image/2024/09/25/crop-51_22_405x720_photo_123043.jpeg

1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды.

Бүгінде ел бойынша пойыздар 140 бағыт қатынайды. Соның 62-сінің тарифі өседі деп жоспарланып отыр.

Стандарт вагондардың құны 6300 теңгеден 7500 теңгеге, тальго пойызының билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.

"Бұл біздің пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың еңбекақысын көтеру үшін жасалып жатыр. Қазір елімізде осы бағыттардың барлығында 2 667 көлік жүріп жатыр, тозуы айтарлықтай жоғары, бұл 44 пайызды құрайды", – деді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар