Ведомство мәлметіне қарағанда, Ресей әскері Украинаның Донецк облысы Покровск ауданы Николаевка және Сухой Яр ауылдарына жақын маңда 16 украин тұтқынын атып өлтірген.
Телеграм-арнада тараған видеода тұтқынға алынған украин жауынгерлерінің орманнан ашықтау жерге шыққаны көрінеді. Олар сапқа тұрғаннан кейін Ресей әскері оларға оқ жаудырады.
Халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес, тұтқынға берілген адамдарды ату әскери қылмыс болып саналады.
"Бұл майдан шебінде Украина әскерін дарға асқан оқиғалардың ең ірісі. Бұл тұтқындарды өлтіру мен азаптау кездейсоқтық емес, әскери-саяси басшылықтың қасақана саясаты екендігінің тағы бір дәлелі" деді Украинаның бас прокуроры Андрей Костин.
Украина Жоғарғы радасының адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец БҰҰ мен халықаралық Қызыл крест ұйымына әскери тұтқындармен қарым-қатынас туралы Женева конвенциясының бұзылуына байланысты шағым түсіргенін хабарлады.
Қыркүйек айында CNN телеарнасы тұтқынға берілген украин жауынгерлерін Ресей әскерінің өлтіріп жатқаны туралы екі видео жариялаған. Видео дроннан түсірген, Украинаның барлау қызметі видеоны CNN арнасына жіберіп, солдатты өлтіру туралы бұйрықтың аудиомәтінін берген.
Украина бас прокуроры CNN арнасына ведомство соғыс басталғалы бері кемінде 28 украиналық тұтқынның қазасын тергеп жатқанын хабарлаған.
Ресей мұндай айыптауларға түсініктеме бермейді.
Жуырда БҰҰ адам құқығы жөніндегі бақылау миссиясы кезекті есебін жариялап, украин тұтқындарын қорлау жүйелі түрде болып тұратынын айтқан.
Баяндама авторлары азаптау нәтижесінде немесе медициналық көмек берілмегендіктен он украин тұтқынының қаза болғанын тіркеген. Есепте украин тұтқындарын ұрып-соғу, электр тоғына соқтыру, тұншықтыру, ұйықтатпау, ату имитациясы, ар-намысына тию, отбасына күш көрсететіні туралы қоқан-лоқы жасау сияқты "әдістер" жиі кездесетіні айтылады.
Пікір қалдыру