Әнеу бір әріптестеріміз жазып жатқандай "доллар бағамы көтерілген жоқ". Керісінше теңге құлдырады. Енді 200 теңгеге 1 доллар сатып алатын болдыңыз. Ұлттық валютаңыз қаптаған қағаздың ар жақ, бер жағында... Сөйтіп, ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан бас тартты. Хабарламада «2014 жылдың 11 ақпанынан бастап ҚР Ұлттық банкі теңгенің бұрынғы деңгейін сақтап тұрудан, валюталық интервенциялардың көлемін кемітуден, теңгенің айырбас бағамын құру процесіне араласудан бас тарту туралы шешім қабылдады», - делінген. Марченка кетті мұртын майлап. Келімбетов келді де қара түнекті төндірді қазаққа. Міне, "Кедендік одақтың" пайдасы. Еуразиялық одақтың рублі күтіп тұр алдыда...
Пікір қалдыру