Бұл сауалға ол Орталық референдум комиссиясының (ОСК) отырысында өткен брифингте жауап берді.
-Егер референдумға дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп есептеледі. Дауыс беру тізіміне дауыс беруге құқығы бар 12 миллион 244 мың 683 азамат енгізілді, - деп жауап берді Константин Петров.
Еске салайық, 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдум 6 қазанда өтеді.
Пікір қалдыру