Жиында Тоқаев қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды қалайтынын атап өтті.
"Канцлер Шольцпен келіссөз барысында айтқанымдай, Ресейдің әскери тұрғыдан жеңілмейтіні анық. Бұл – Ресейдің әскери әлеуеті, президент Путин жүргізіп отырған саясатты халқының қолдауы және тарихтың өзі дәлелдеп отырған факт. Сондықтан біз қақтығысты бейбіт түрде шешу жолдарын қарастыруды, барлық мемлекеттің, соның ішінде Қытай мен Бразилияның ақылға қонымды жоспарларын қолдаймыз. Басқа жол жоқ. Әйтпесе, соғыс қос тарапты да жойып тынады. Кейбір әлемдік күштер бұған мүдделі шығар. Бірақ бұл тығырыққа тірейтін жол. Конструктивті келіссөздер арқылы бейбітшілікке ұмтылу – әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, стратегиялық парасаттылықтың көрінісі", – деді президент.
Біріккен ұлттар ұйымына келсек, президент оны нығайту керек екенін алға тартады.
"Өйткені оның орнын басатын ұйым жоқ. БҰҰ-да көптеген кемшілік болғанымен, бізде басқа балама жоқ. Сондықтан Қазақстан БҰҰ рөлін нығайту бойынша осындай ұстанымдағы барлық елмен ынтымақтаса беруге ниетті. Аймақтық державалар мен орта державалардың үні, ең алдымен, Қауіпсіздік кеңесінде естілуге тиіс. Қауіпсіздік кеңесі де реформаға мұқтаж. Өйткені ол, өкінішке қарай, тығырыққа тірелді. Ал одан шығудың жолын бәріміз бірлесіп табуымыз керек. Біз келесі жылы 80 жылдығын атап өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымына қолдау көрсетуіміз қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан соң ол орта державалардың БҰҰ мәртебесін нығайту және мультилатерализм қағидаттарын ілгерілету процесіндегі рөлі жайында сұрақ қойды.
Пікір қалдыру