Шерзат ісі: Ішкі істер министрінің орынбасары қызметтен кетті

/image/2024/10/18/crop-6_-3_240x427_400x225.webp

«Мемлекет басшысының өкімімен Айдос  Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды» делінген Ақорда хабарламасында. 

Айдос Рысбаев 2023 жылғы қарашадан бастап ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған. Неге отставкаға жіберілгені хабарланбады. Еске салайық, Айдос Рысбаев 2023 жылдың 16 қарашасында вице-министр қызметіне тағайындалған болатын. Ол ұйымдасқан қылмыспен күреске жауапты болған.

Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың өлімінен кейін қоғамда қылмыстық топтар тақырыбы қызу талқылануда. Полиция «Хутор» қылмыстық тобының бар екенін жоққа шығаруда (ең болмағанда, олар ондай топты білмейтінін айтады), осы топ мүшелері Шерзаттың өліміне қатысы бар деген күдікке ілінген.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар