Биыл 14,4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

/image/2024/10/22/dlvvinzw.webp

Ендігі уақытта Қазақстан азаматтығын алғысы келген адамдар қазақ тілін, ел тарихы мен Конституциясының негіздерін тым болмағанда қарапайым деңгейде білуге міндетті. Талап таяуда ғана «Көші-қон мәселелері туралы» заңға енгізілген болатын. 

Биылғы жылдың басынан бастап Қазақстанға 45,8 пайызы Қытайдан, 39 пайызы — Өзбекстаннан, 5,9 пайызы — Моңғолиядан, 5,2 пайызы Түрікменстаннан, 2,9 пайызы Ресейден және 1,2 пайызы басқа елдерден қандастар келген.

«1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,6 пайызды, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,1 пайызды және зейнеткерлер 9,3 пайызды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,9 пайызы жоғары білімді, 24,4 пайызы орта кәсіби білімді, 54,4 пайызы жалпы орта білімді, және 3,3 пайызының білімі жоқ. Ал қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды», — деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 477 қандас қоныс аударды.

Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады — бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге — бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде.

Жыл басынан бері 2140 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 575 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды», — деп жазылған ақпаратта.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар