Видеодан Үкімет үйі алдындағы Сухэ-Батыр алаңында құрмет қарауылы және сауыт киген салт атты моңғол жауынгерлері сап түзеп тұрғанын байқауға болады.
Құрмет қарауылы бастығының рапортынан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды, мемлекеттер басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырып, президенттер келіссөз залына барды.
Пікір қалдыру