2025 жылдан бастап штаттан тыс істейтін қызметкерлер де декрет демалысына шығып, әлеуметтік төлем ала алады

/image/2024/10/30/crop-21_9_649x1154_qpfe8kfl1m9y0fv1deqfnvuidtifdqm6lj6yyuuy.jpg_width=1200xheight=autoxtype=1.jpg Көрнекі сурет

Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декрет демалысына, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.

Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған. Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс.

Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.

Қатысты Мақалалар