27 қараша Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылында орналасқан "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің автотұрағында автобус жүргізушісі 7 жасар баланы қағып кетті.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға болған жер жаяу жүргіншілерге қауіпті, яғни жаяу жүргіншілер өткелі мен аялдама жоқ.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше 27 қарашада JAC автобусының жүргізушісі "Асыл Арман" тұрғын үй кешеніндегі тұрақ аумағында артқа жүріп бара жатып, 7 жасар баланы қағып кеткен. Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
"Оқиға Іргелі ауылындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің көлік тұрағында болған. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде таралып, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Қазір бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Соған сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", – деді полиция департаменті.
Пікір қалдыру