2023 жылдың ақпан мен қазан айлары аралығында күдіктінің жүргізуші куәлігін алу үшін жол қозғалысы ережелерін білуге теориялық емтихан тапсырған азаматтардан заңсыз сыйақы алу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Follow the money қағидаты бойынша тергеу іс-қимылдарын жүргізуді көздейтін Агенттіктің "Параллельді қаржылық тергеу" іске асырылып жатқан жобасы 32 млн теңгеден астам заңсыз сыйақылар түрінде алынған қылмыстық табысты анықтауға мүмкіндік берді.
Тергеу барысында күдіктінің банктегі жеке шотына мобильді қосымша арқылы сыйақы алғаны белгілі болды.
Мұндай кірістер құқық қорғау органдарында күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, олардың қылмыстық шығу тегін жасыру мақсатында күдікті сол банктегі шоттары арасында бірнеше рет аударымдар жасаған. Бұдан басқа, параллельді қаржылық тергеу шеңберінде қылмыстық ақша қаражатына күдіктінің Өскемен қаласында екі бөлмелі пәтер сатып алынғаны және оны жасыру мақсатында анасына ресімделгені анықталды.
Кейіннен бұл пәтер тәуліктік жалға беру үшін пайдаланылып, 1,2 млн теңгеден астам қосымша қылмыстық табыс әкелген.
Сонымен қатар тәркілеуге жол бермеу мақсатында күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаннан кейін аталған пәтерді сатып алу-сату шарттары бойынша үшінші тұлғаларға тіркеген.
Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылды. Оған Қылмыстық жолмен алынған 19,5 млн теңге болатын Өскемен қаласындағы екі бөлмелі пәтерді мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Пікір қалдыру