Қазақ тілінде цифрлық сөздік қоры құрылмақшы

/image/2024/12/05/crop-56_65_703x937_2a6ccf2e-1941-48fc-8a9c-b9314e30946a.jpeg

Мәжілісте «Мәдениет туралы» заңға түзетулер енгізілді. Яғни,  қазақ тілін қорғау және сақтау үшін бірыңғай ақпараттық жүйе қалыптастыру және қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын құру көзделіп отыр. Жаңа заңға сәйкес, мәтіндерді өңдеу және талдау мақсатында жасанды интеллект негізінде қазақ тілінің тілдік моделін құру көзделеді.  

Жаңа жүйе кең аудиторияның қазақ тілінің нормалары мен ережелерін тұрақты пайдалануын және қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. 

Бұған қатысты Асхат Аймағамбетов қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры белгілі бір терминдерді қолдану кезінде көмекші құрал болатынын айтты.

«Цифрлық сөздік жасанды интеллекттің қазақ тілімен өзара іс-қимылын жақсартудың негізгі құралы болады. Бұл әр сөзді әртүрлі қолданатындар үшін маңызды. Мысалы, жасанды интеллект сөзді қалай қолдану керектігін түсінуі үшін оған әртүрлі жағдайларда қолданудың көптеген нұсқаларын ұсыну қажет. Сөзді таңдауда жасанды интеллекттің адамнан айырмашылығы, ол тек алгоритмдерге негізделген. Сондықтан әрбір сөз бен сөз тіркесін дәл әрі терең пысықтау маңызды», - деді ол. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар