Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, ұйым комитеті мұндай шешімді Парагвай астанасы Асунсьонда өткен арнайы жиында қабылдаған.
“Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі – Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді”, – деп жазды Ерлан Қарин.
Беташар — жаңа түскен келіннің бетін ашып, келінді көпшілікке, сондай-ақ оған ата-енесін, үй-ішін таныстыратын қазақтың салты.
Пікір қалдыру