Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған өзекті мәселесі әлемнің білім кеңістігінде және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті жас мамандарды қалыптастыру болып табылады. Өмір үнемі өзгеріп, қоғам үздіксіз дамып отырған жағдайда білім беру жүйесі де жаңа талаптарға сай бейімделеді.
Ал, біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздары, (толығырақ: https://farabi.university сайтынан біле аласыздар) Қазақстан жастарының Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, басты міндеттеріміздің бірі – патриоттық және адамгершілікті қалыптастыру. Отанымыздың дамуы үшін білімді де білікті маман даярлап, өз Отанын сүйген патриот азамат тәрбиелеу үшін еңбек етіп жүрген ұстаздар қызметінің орны ерекше. Өйткені өркениеттің өзегі, кез келген елдің дамуының, саяси тұрақтылығының негізі – білім мен ғылым және саналы тәрбиенің түп тамынынан өріс алатындығына ешкімнің таласы жоқ. Еліміздің өркендеуі үшін ең қажеттісі білімді де білікті Отансүйгіш азамат болса, ал осындай тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін білім ошақтары болса, ал білім ордасының жаны – ұстаз. Білім беру ісінде және тәрбие жұмысында шешуші әрі басты тұлға – ұстаз.
Әлеуметтік тәрбиелік мәні зор іс-шараларды ұйымдастырудың өзектілігі жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға қатысты нақты мәселелермен тікелей байланыстылығымен бірге, мемлекетіміздің дербес дамуының мәдени-рухани қырынан қарағанда тіпті тиянақтала түседі. Осы орайда қазақстандық жастардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шараларды өткізу – елдің рухани саласындағы бағыт-бағдар беретін үлкен мәні бар тәрбие ісмен сабақтас ұйымдастырылады.
Қазақстандық жастардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру нәтижесінде мемлекеттігіміз, тәуелсіздігіміздің тұғыры, қазақ тілінің мәртебесі, мәңгіліктігі баянды болмақ. Сана серпілісі жағдайында ғана қазақ мемлекетінің еркін ойлы, азат, іскер де қабілетті, отаншыл, азаматы өсіп шығады. Осы орайда ұлттық тәрбие мәселелері ұлтымыздың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсіннің, дербес мінезі мен мәдениетін танып-түйсінуіне ықпал етері сөзсіз. Жастардың рухани болмысы мен танымдық зердесін пайымдауға дәнекер болмақ.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары: Наралиева Р.Т., Бегалиева А.К., Амирканов М.Б.
Пікір қалдыру