Іс-шара барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев еліміздегі киберқауіпсіздік мәселесіне байланысты пікір білдірді.
— Киберқауіпсіздік бойынша рейтингілерде біз Қытай, Канада сияқты елдермен бірге киберқауіпсіздік деңгейі бойынша озық елдердің екінші тобындамыз. Ал киберқауіпсіздікке айтылған сын бойынша жиі бұрмалаушылықтар бар. Жеке деректердің тарап кетуіне көбінесе адамдардың өздері себеп болады. Сондықтан барлық жағдайда ақпараттық жүйеміз бұзылған деп айтуға болмайды. Әр сұрақты жеке қарастыру қажет. Нақты фактілер болса, бізге жүгінуге болады. Тексеріс жүргіземіз, - деді министр.
Еске салайық, бұған дейін Жаслан Мәдиев жасанды интеллект Қазақстандағы жұмыс орындарын қаншалықты азайтуы мүмкін екенін айтқан еді.
Пікір қалдыру