Берденовке жасалған шабуыл туралы: Сырымбек Тау жалған ақпараттан сақ болуға үндеді

/uploads/thumbnail/20250422152416778_big.webp

2025 жылдың 21 сәуірінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға сағат 20:30 шамасында әкімдік ғимараты маңында орын алған. Қазіргі уақытта Берденов ауруханада емделуде, жағдайы ауыр деп хабарланды.

Күдікті ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы оқиғаға қатысты кәсіпкер әрі досы Сырымбек Тау әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады. Ол Берденовтің қазіргі жағдайы қалыпты екенін айтып, өзге жалған ақпараттарға сенбеуге, таратпауға шақырды.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы толық анықталмағандықтан, қосымша мәліметтер күтілуде.

Қатысты Мақалалар