Тоқаев Бердімұхамедовті Түркістан әуежайында салтанатты түрде шығарып салды

/uploads/thumbnail/20250422164331237_big.webp

Бүгін, 2025 жылғы 22 сәуірде Түркіменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтың Қазақстанға екі күндік сапары аяқталды. Бердімұхамедовті Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев шығарып салды.

Оқиға орнынан түсірілген салтанатты суреттерді Ақорданың баспасөз қызметінің Telegram арнасы жариялады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түркістан әуежайынан шығарып салды", – деп жазылған ресми ақпаратта. 

Гурбангулы Бердімұхамедов Түркістанға 2025 жылдың 21 сәуірінде келді. Мәртебелі мейманды Түркістан әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды. Одан кейін олар Қожа Ахмет Ясауи кесенесін, Этноауыл кешенін және Түркістан зиярат орталығын аралады.

22 сәуірде Тоқаев Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді. Кейін олар SPK Turkistan индустриалды паркінде болды.

Қатысты Мақалалар