Жағалау жоқ, ақша жоқ – Набережная қазынасын кім жұтты?

/uploads/thumbnail/20250425105924011_big.webp

Бас прокуратураның мәліметінше, лауазымды тұлғалар талан-таражға салған қаражат 2021 жылы Көкшетау қаласында ескі аэропорттан бастап Қан орталығына дейін "Набережная" жағажайын салуға бөлінген. 

Күдіктілердің бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру, талан-таражға салуы қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сараланды. Бұл бап бойынша мүлкін тәркілеумен қоса 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

“Барлық күдіктілер сот санкциясымен күзетпен ұстауға алынды. Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған мүлік – Астана қаласында 95 миллион теңгеге бағаланған коммерциялық жылжымайтын мүлік табылды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ "Набережная" жобасы бойынша жұмыстың бір бөлігі Атбасардағы басқа нысаннан жымқырылған ақшаға жасалғаны белгілі болды. Сондықтан бір күдіктінің әрекеті қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату), яғни қылмыстық кодексінің 218-бабы 3-бөлігі бойынша қосымша сараланды. Бұл үшін мүлкін тәркілеумен қоса 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қатысты Мақалалар