Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелері экоакцияға қатысты (Видео)

/uploads/thumbnail/20250508153842765_big.webp

2025 жылдың 8 мамырында Алматы қаласында экологиялық акция өтті. 

Сенбілік жалпыреспубликалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, биылғы жылы 80 жылдығы аталып өтетін Ұлы Жеңіске арналды.

Қаланы тазартуға Алматы қалалық қоғамдық кеңес мүшелері, қала тұрғындары, еріктілер, құқық қорғау органдары, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарының курсанттары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, эстрада жұлдыздары, спортшылар мен блогерлер Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мемориалдық аймағын тазалады.

Акция аясында көшелер мен саябақтарды санитарлық тазалау, бағаналар мен қоршауларды сырлау, арық желісін тазарту, ағаш егу, шөп шабу, жасыл желектерді қалпына келтіру, ағаштар мен бұталарды санитарлық мақсатта кесу, көгалдандырылған аймақтарды ағымдағы жөндеу жұмыстары сияқты түрлі жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының әкімдігі акция қатысушыларына ағаш көшеті, қолғап, қап, күрек пен тырма беру сынды барлық қажетті көмек көрсетеді. Қатысушыларға арнайы футболкалар, кепкалар және «Жеңіс» естелік ленталары таратылды.

 

Қатысты Мақалалар