«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы жолдауында осылай деген болатын. Барлық балаларға жағдай жасалған «Келешек мектептері» туралы не білеміз?
«Келешек мектептерінде» жиһаздан жарықтандыруға дейін бәрі ойластырылған. Кең кабинеттер, демалыс аймақтары, заманауи әрі ыңғайлы әжетхана – балалардың тек білімге назар аударуы үшін барлық жағдай жасалған.
Әрбір мектеп бейнебақылаумен, мектепке кіріп-шығу үшін арнайы басқару жүйесімен жабдықталған. Ал кішкентайлар мен жасөспірімдерге ыңғайлы және қауіпсіз орта жасау үшін кіші және жоғары сыныптар бірнеше блоктарға бөлінген.
Мұндай мектептерде зертханалар, робототехника, шеберханалар да заманауи үлгіде жасақталған. Мұнда олар бағдарламалауды, зерттеуді, топта жұмыс істеуді үйретеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында жасанды интеллектті дамытудың ерекше маңыздылығын және мектеп орындығынан осы салада құзыреттілікті қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының Стратегия және талдау орталығының бас сарапшысы Аида Әбіляқымовтың айтуынша, Білім Министрлігі білім беру процесіне Жасанды интелектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Оның айтуынша, "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндері бойынша оқу бағдарламаларына жасанды интеллектпен байланысты жаңа модульдер біріктірілген: деректермен жұмыс істеу негіздері, Алгоритмдер, Машиналық оқыту, цифрлық этика және киберқауіпсіздік. Жоғары сыныптарда оқушылар ЖИ қолдану элементтері бар жобалық тапсырмаларды меңгереді.
Инфрақұрылымдық жағдайлар «Келешек мектебі» жобасы шеңберінде құрылады: мектептер жаңғыртылады, STEM-кабинеттер ашылады, интернет-қолжетімділік күшейтіледі, бұл әсіресе ауыл мектептері үшін маңызды.
- Осылайша, Президент қойған міндеттер дәйекті түрде іске асырылуда. Қазақстан мектептеріндегі жасанды интеллект мұғалімді алмастыру ретінде емес, оқушылардың ойлауын, шығармашылығы мен цифрлық сауаттылығын дамыту құралы ретінде қарастырылады, — деп атап өтті Аида Әбіляқымова.