242 млн теңге: қазақ тіліне арналған ойынға министрлік пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20260122172556129_big.webp скриншот

Қазақ тілін оқытуға арналған Steppe Rider ойынының құны қоғамда талқылау туғызды. Жобаның қымбат болуын Ғылым және жоғары білім министрлігі бірнеше факторға байланыстырып отыр.

Министрлікке қарасты Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тлешев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Steppe Rider ойыны бірден үш платформаға арнап әзірленгенін айтты. Сонымен қатар жоба тек жасаумен шектелмей, кейінгі техникалық қолдау мен жаңартуларды да қамтиды.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы дерекке сәйкес, ойынға бюджеттен 241 838 392 теңге бөлінген. Ұлттық банктің 22 қаңтардағы бағамы бойынша бұл шамамен 477 мың АҚШ долларына тең.

Комитет төрағасының айтуынша, Steppe Rider – қазақ тілін үйретуге бағытталған отандық алғашқы runner жанрындағы ойын. Бұл жоба тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында іске асырылған.

Ербол Тлешевтің сөзінше, мұндай жобалардың бағасын салыстырғанда платформалар санын ескеру қажет. Оның айтуынша, нарықта бір платформаға арналған осындай ойындардың құны 1 мың доллардан 300 мың долларға дейін жетуі мүмкін.

Министрлік ойынның құны техникалық күрделілік пен көпплатформалы форматқа байланысты қалыптасқанын атап өтті.

Қатысты Мақалалар