Еуразиялық Одақ жұмысы іш киімді "тыюмен" басталды

/uploads/thumbnail/20170708151228267_small.png

 Естеріңізде болар, бұдан бір ай шамасы бұрын, біздің парламент көп қатын алуды заңдастыру туралы сөз қозғаған. Олар жыл сайын осы әңгімені бір қозғап қояды.  Белгілі депутаттардың бірі оларды қолдап: «Менің үш әйелім бар, үшеуі де бір-бірін біледі. Мен  қазақты көбейтуге ат салысып жүрмін» деп мақтанды.

Ал, енді осы "тоқалсырап" жүрген парламенттегілер мен Еуразиялық Одақтың алғашқы шараларын әйелдердің ышқырын сатуды тиюдан басталыпты. «...Сапаны сылтауратқан Ресей сөрелерінде тұрған өзге елдерде өндірілген арзан тауарларды тықсыруға көшті. Бұл жолы кезек әйелдердің ішкиіміне келіпті…«Кедендік одаққа», алда құрылатын «Еуразиялық одаққа»  мүше елдер шеңберінде әйелдердің жиегі кестеленген шілтерлі ішкиімдерді өндіруге, әкелуге және сатуға тыйым салынбақ...» (www.saigez.kz).

Жуан жұдырық Мәскеу айтса, «ләпбай, тақсыр!» деп бас шұлғуға дайын тұратын "біздің жақ" әйелдерімізді ішкиімсіз қалдырмақ.

Кешегі  өткен  наразылық  шарасының да  басты  нысаны - осы  шілтері  іш киімдер болды. Журналист Валерия Ибраева, Жанна Байтелова, Евгения Плахина сынды  келіншектер "девальвацияның кесірінен еді  лыпасыз  қалатын  болдық"  деп  дабыл қақты. Наразылық соңында  үшеуіне де «ұсақ бұзақылық» жасағаны үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (18520 теңге, немесе шамамене 100 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Ұлттық теңге қолдан құнсызданып, халықтың тең жарымынан астамы кедейшілік қамытын кигені аздай, енді үлкен-кіші, еркек-әйел жалаңбұт қалып, абыройларын қолдарымен жауып жүретін болады.

Есің жи, Қазақ!

Жұмаш КӨКБӨРІ,

 

Қатысты Мақалалар