Елбасы ақ олимпиада жүлдегері Денис Тенді құттықтады

/uploads/thumbnail/20170708151229884_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев миллиондаған қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Денис Тенді Сочиде өтіп жатқан XXII қысқы Олимпиадалық ойындарда қола медаль жеңіп алуымен құттықтады. Бұл туралы 

Ақорданың

  баспасөз қызметінен хабарлады. «Біздің бәріміз әлемнің ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары арасындағы тартысты бәсекеге ұласқан мұз айдынындағы сенің өнеріңді демімізді ішке тарта отырып бақылаумен болдық. Сен біздің үмітімізді ақтап, еліміз тарихында алғаш рет спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы жеңіп алдың», - делінген құттықтау жеделхатында. Соңында Мемлекет басшысы Д.Тенге зор денсаулық және спорт саласында жаңа табыстар тіледі. Естеріңізге  сала  кетейік,  Денис Тен Сочиде  өтіп  жаьқан  ХХІІ Қысқы  олимпиадада  мәнерлеп  сырғанау бойынша қола жүлдегер атанып, ел  құрамасына алғашқы  медальді  әперді. Денис Тен Сочи олимпиадасына дейін 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен Азия ойындарында - алтын, 2013 жылы Канадада өткен әлем чемпионатында күміс медаль алған. Ол Сочи олимпиадасында ұтқан қола жүлдесі үшін Қазақстан үкіметінен

75 мың доллар көлемінде

 сыйақы алады. Денис Теннің қола жүлдесі - Қазақстан үшін Сочидегі алғашқы медаль. Қазір Қазақстан жалпыкомандалық есепте 25-орында тұр.

(ҚазАқпарат және Азаттық  радиосы  деректері  негізінде  даярланды)

Қатысты Мақалалар