Белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан өзінің фейсбуктегі парақшасында былтыр Шеңгелді ауылында болған қылмысқа қатысты сот болатындығын хабарлапты. Оның жазуынша, бейсенбі күні (20.02.14) Қаскелең қаласында сағат 8:30-да ашық түрде кезекті сот отырысы өтеді. "Біз ұлтшылдар сонда барып, қатысып, қандастарымызға ынтымағымызды көрсетсек жөн болар", - Дейді ОЛ. Естеріңізде болса былтыр Алматы облысы Шеңгелді ауылында екі шешен жігіті автоматпен екі қазақты атып тастаған. Мадияр Ақжолтаев деген Азамат сол жерде қаза тапқан, екіншісі Ерсайын Әміреев аман қалған.