Маңғыстау-Томск кәсіпкерлік байланыста

/uploads/thumbnail/20170708203252102_small.jpg

62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру.
 Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін береді.
 
Ұлт жоспары – «100 нақты қадам»
 
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Ресей Федерациясы Томск облысының кәсіпкерлері облысқа келіп, жергілікті әріптестерімен жүздесті. Бизнесмендердің түбекке келу сапарының басты мақсаты – қазақстандық әріптестермен тығыз байланыс орнатып, кәсіпкерлік саласын өркендету. Осыған орай облыстық кәсіпкерлік палатасының ғимаратында арнайы кездесу ұйымдастырылып, облыстың іскер азаматтары Томск облысының ірі кәсіпорындарының басшыларымен кездесіп, жақын  танысып, еркін сұхбаттасты.
Басқосу барысында маңғыстаулық кәсіпкерлер сараптамалық құралдар, әдістемелік және бағдарламалық жасақ­тама, даярлау сынамалары  құрылғыларын, су, топырақ, ауа, тағам өнімдеріндегі улы қоспаларды бақылауға және химиялық талдау жүргізуге арналған қосалқы жабдықтар өндірумен айналысатын  «Томьаналит» ғылыми-өндірістік кә­сіпорны қызметімен танысты. Сондай-ақ табиғи ағаштан жиһаз жасайтын «СП «Технолес» ЖШС, мұнай және газ, мұнай химиясы, коммуналдық шаруашылық және басқа да салаларға арналған жабдықтарды дайындаумен айналысатын «НПО «Сибирский машиностроитель» және индукциялық қыздыру жүйелері мен кешендерін дайындаумен және өндірумен айналысатын «Магнит М» компанияларының жұмысымен жақы­н­ырақ танысты. Кездесуде баяндама жасаған Томск облысы бойынша, кәсіпкерлікті дамыту палатасының басшысы Дмитрий Немытьков Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық пен өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастың тамыры тереңде жатқанына тоқталды. 2008 жылдан бастап Томск кәсіпкерлері еліміздің Астана, Алматы, Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Шымкент қалаларында 8 бизнес-миссия ұйымдастырғанын атап өтті. Нәтижесінде, екі ел арасында тауар айналым 229,4 млн АҚШ долларын құраған.
– Томск Батыс Сібірде индустриясы дамыған орталық саналады. Бізде шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы жолға қойылған. Аймақтық экономи­каның 26,03%-ы – машина құрастыру, 19,65 %-ы – азық түлік өндіру,  4,16%-ы – фармацестикалық өнімдер шығару, 6,59 %-ы – ағаш өнімдерін өңдеу, 11,94%-ы – химиялық және 8,32%-ы – мұнай өнімдері мен 2,29%-ы – пластик және резина бұйымдарын шығару. Жыл санап аймақ экономикасы дамып келеді. Бизнестің бағы белсенділікте, сондықтан да біз өзге елдермен байланысты нығайтып, об­лысымызда кәсіпкерлік саласын әлі де өркендету жоспарда. Сонымен қатар бүгінгі таңда Томскте қазақстандық бес мыңға жуық студент білім алуда. Жалпы, Томскте 7 мемлекеттік ЖОО мен 20-ға жуық зерттеу институты бар. Бұл ЖОО-ға да студенттерді тарту, кәсіби тұрғыдан даярлау жұмыстарын да жандандырғымыз келеді, – дейді Томск облысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту палатасының басшысы Дмитрий Немытьков.
Кездесуде екі облыстың кәсіпкерлері өзара еркін пікір алмасып, тығыз әріптестік пен ұзақ мерзімді серіктестік орнату жолдарын жан-жақты талқылады. Тауар өндіру мен оны өткізу мәселесін де сөз етіп, екі облыс арасындағы бай­ланысты нығайта түсу жолдарына тоқталды. Кездесу аяқталған соң томскілік бизнесмендер облыстағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар