Ринат Зайытов: Алып-қашпа әңгімеге әлеуметтік желілер себепші

/uploads/thumbnail/20170708151240050_small.jpg

Соңғы уақатта  көпшілік Ақын Ринат Зайытовтың өміріне қауып төніп тұрғанын жиі айтады. "Ринатты атып кетіпті, пышақтапты, одан қалса Алматыдағы Сейфуллин көшесінде орналасқан түрмеге қамап қойыпты деген сөздерге "бекерден бекер мұндай әңгіме шықпайды" деп халық сене бастады. Оның үстіне соңғы  уақытта ақын  көкжәшіктен  де  көрінбей кетті. Ақын  өміріне  қатысты мұндай  болжамдардың шығуына оның сахна  айтан, бірақ  ТВ эфирлеріне жіберілмей  қалған уытты  сөздері мен  шымбайға  батар  шындықты  айтуы себеп болған.  Ринаттың  жанайқайын айтылған  дыбыс  жазбасы   ұялы  телефондар, әлеуметтік  желілер  арқылы  қазіргі  қазақ  қоғамында кең  таралуда.  Алып-қашпа әңгімелер  де дәл осы  өлеңінен кейін шықса  керек.

Осы  тұста, мәселенің мәнісін анықтамақ болып, ақынды әңгімеге тартқан 31-арна журналистерінің сұхбатын  ұсынамыз...

 - Қош келдіңіз, Ринат! Қал-жағдайыңыз қалай?

-Аман, шукір.  Бәрі  орнында.

 Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды деген бар....Осындай әңгімелердің тарауына расымен де шындықты шыңғырта жазған бір ғана өлеңіңіз себеп болды ма?

-Бұл әңгіменің маған жеткеніне  де  біраз болды. Әр қаладан  достарым  хабарласып, халымды  сұрайды. Ол әңгіменің қайдан  шыққанын  бір  Алла  біледі.

- Сонда  мұндай әңгімелердің шығуына  сіздің шындықты айтқан бір  ғана өлеңіңіз себеп  болды ма?

-Жооқ, себеп көп.  Егер тек өлең ғана себеп  болатын  болса, былтыр наурызда айтылған, биыл бір жыл  болады. Ең басты  себеп,әлеуметтік желілердің ешқайсысын пайдаланбаймын. Инстаграм, твиттер  дегендер  көңіліме  жақпайды. Тағы  бір  себеп,  Жүрсін Ерман  айтысты қолға алып,  қазір  айтысқа  дайындық  үстіндемін.

-Жеке басыңыздың қауіпсіздігі үшін не істейсіз?

- Ештеңе

-Кімнен  қорқасыз?

-Құдайдан

Соңғы кездері сізді айтыстан да көрінбей кеттіңіз. Жалпы,немен айналысып жүрсіз?

-Қазір  қайта  шығармашылық  толысудың жолындамын. Оқитын,ізденетін нәрселер бар.

-Елде болып жатқан соңғы қаржылық-экономикалық өзгерістерге қатысты қандай пікір білдіресіз? Доллардың шарықтауы сізді қаншалықты қыспаққа салды?

-Өткенде бір досым  айтып еді: "Менде доллар да жоқ, теңге де жоқ. Көп басымды ауыртпаймын" деп. Сол сияқты ғой. Бірақ,  ең  қынжылтатын  нәрсе, теңгенің құлдырауынан  бір ай бұрын  телеарнларадан "көкелеріміз"  сөйледі: "Ақшаларыңды теңгемен  сақтаңыздар,  құлдырау болмайды"  деп  айтып алды. Сөйтіп, бір айдан кейін "біз  мұны бір жыл бұрын білгенбіз" деді. Мемлекетте  қаржының тізгінін  ұстап отырған  адамдардың  құрдасына  қалжыңдағандай  бүкіл  халықты солай алдауға болмайды  ғой.

-Халыққа айтарыңыз...

-Кімнің қандай мақсатпен дабыра әңгіме шығарғанын білмеймін. Тірімін,  дін-аманмын.

Рахмет!

(Материал 31-арна  ақпараты  негізінде даярланды)

Қатысты Мақалалар