Қытай елінің экономикасының қарыштап дамуына себепкер болған реформатор Дэн Сяопин жайлы кітап тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Бұл туралы «Қамшы» порталы 31.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Еңбекті ана тілімізге Қытайдың "Ұлттар" баспасының мамандары аударған. Әлемге танымал реформатор тұлғаларды қазақ тіліне аудару идеясын биыл өмірден өткен жазушы Дидахмет Әшімхан ұсынған екен. Себебі, күні бүгінге дейін танымал саясаткерлер жайлы қазақ оқырмандары өзге тілдердегі еңбектерден оқып келеді. Жаңа басылым осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолға алынған істің алғашқысы дейді ұйымдастырушылар.
– Бұл қазаққа не береді? Бүгінгідей экономикалық, саяст дағдарыс кезінде осындай ұлы реформаторларды оқу, түсіну арқылы мемлекет алға басуға болады, – дейді кітапты құрастырушылардың бірі Қанат Әбілқайыр.