Келер жылы Алматы қаласында 6 жаңа сауда-ойын сауық орталығы ашылады. Олардың жалпы көлемі жарты миллион шаршы метрді құрайтын болады. Бұл туралы жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшы, Colliers Kazakhstan Баян Қуатова айтып отыр.
«Бүкіл Қазақстан бойынша 250 халықаралық брендтік компаниялар жұмыс істейді. Олардың ішінде ресейліктер де бар. солардың тек 50 шақтысы ғана ірі сауда желілеріне ие» деген сарапшы осы жылдың аяғы немесе келер жылдың басында Алматыдағы Алтынсарин даңғылы мен Қабдолов көшесінің қиылысында Grand Park Almaty сауда орталығы ашылатынын айтты. Орталықтың жалпы көлемі 250 шаршы метрді құрайды.
Сондай-ақ, Бағанашыл ықшамауданында 31 мың шаршы метрлік Villa Bountiques & Restaurants орталығы 2016 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Әл-Фараби мен Желтоқсан даңғылдарының қиылысында салынып жатқан AFD Plaza сауда галереясы келесі жылдың екінші тоқсанында ашылады деп күтілуде. Оның аумағы 10 мың шаршы метрден асып жығылады.
2016 жылдың үшінші тоқсанында «Форум» (Сейфуллин-Тимирязев қиылысы), «Мәскеу» (Абай-Алтынсарин қиылысы), Passage de Paris (Фурманов-Ганди қиылысы) атты тағы үш сауда-ойын сауық орталығы ашылады. Олардың аумағы 30-дан 155 мың шаршы метр аралығын құрайды.
Сарапшының айтуынша, бүгінде Алматыда барлығы 27 ірі сауда-ойын сауық орталығы жұмыс істейді.