Аяқ астынан нанның қадыр-қасиетін түсіндіріп қызық болды-ау! Радионы ашып қалсаң, теледидарды басып қалсаң менің әжемнің миыма құйып кеткенін есіме түсіріп әлек. Бұрын қайда қалған? Нан бағасының қымбаттауын осымен жуып шайғылары келеді. Нанның бағасының қымбат болғаны дұрыс! Оған жұмсалып келген субсидияның басқа мақсатқа жұмсалғаны да көңілге қонады. Тек, осыған дейін "шалқып" өмір сүргенде, қасиетті нан табанның астында тапталып жатқанда неге айтпадыңыздар мұны? Неге сол кезде күндіз-түні сайрамадыңыздар? Неге сол кезде бағасын көтермедіңіздер? Нанның қадірін білетін жұрт ол кезде қыңқ демес еді ғой! Енді қайта-қайта нанның қадірін айтып, онсыз да көңілі пәс жұрттың миын жемей шындықты айтайық. "Жағдай қиын! Мемлекет жыртығын жамау үшін осындай қадамдарға барып отыр!" Біз түсінеміз. Әйтпесе, ертең күріштің қадірін, бүрсігүні қанттың қадірін, сосын судың қадірін айтып кете беретін сияқтымыз ғой...
Арман Сқабылұлының «Фейсбук» парақшасынан