Франция Президенті Франсуа Олланд Париждегі лаңкестік әрекетке байланысты үш күндік қаралы күн жариялады. Барлық мемлекеттік органдар мен қауіпсіздік қызметтерінің жұмысы төтенше жағдай режиміне көшті. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Сондай-ақ, ел Президенті Ф. Олланд бұл лаңкестік әрекеттердің шет мемлекеттерде алдын ала әзірленіп, жүзеге асқанын, Францияда олардың жақтастары болғанын айтты.
Естеріңізге салайық, жұма күні кещке Франция астанасында лаңкестердің ұйымдастыруымен бірнеше теракт орын алды. Атап айтқанда, ел Президенті Франсуа Олландтің қатысуымен Франция-Германия футбол командаларының жолдастық кездесуі өтіп жатқан «Стад де Франс» стадионына жақын маңда жарылыстар болып, тағы бір топ лаңкес «Батаклан» концерт залын бсып алған. Қаланың орталық көшелерінің бірінде лаңкестер тұрғындарға оқ жаудырған. Терактіден қаза тапқандар саны 150-ден асып жығылады. Тағы сонша адам жарақат алған.
Лаңкестік әрекеттерді өздерін «Ислам мемлекеті» атайтын халықаралық лаңкестік ұйымы мойнына алып отыр.