ПУТИНДІ ПАРИЖДЕГІ ТЕРАКТІГЕ НЕ ИТЕРМЕЛЕУІ МҮМКІН?

/uploads/thumbnail/20170708203506823_small.jpg

Кеше кешке Франция астанасында ел тарихында бұрын-соңды болмаған лаңкестік әрекет орын алды. Қаза тапқандар саны 150-ден асып жығылады. Тағы сонша адам жарақат алған. Лаңкестер көшедегі тұрғындарға оқ атып, концерт залын басып алған, 100-ден астам адамды тұтқындаған. Ең бастысы ел Президентінің тамашалауымен Франция мен Германия құрамаларының ойыны өтіп жатқан стадион маңында жарылыстар болған.

Қазір Франция билігі қаза болғандар санын нақтылау, қауіпсіздікті күшейту сынды шаруалармен әлек болуда. Қанды оқиғаны ДАИШ ұйымы өз мойнына алды деген хабар тарағанмен, ресми Париж ұйымдастырушыларға қатысты қандай да бір нақты мәлімдеме жасамай отыр. Мұндайда асығыс мәлімдеме жасаудан  мәселенің мән-жайын толық зерделеу маңызды екенін түсінгендіктен болар.

Алайда, бірқатар ақпарат құралдары оқиғаны ұйымдастырушыларға қатысты бірқатар болжамдар жасап та үлгерді. Сол болжамдардың бірі, қанды қырғынның артында Мәскеу тұр дегенге меңзейді. Осы мәселеге орай бірнеше блогерлердің пікірлері жарияланды. Онда терактінің артында шынымен Мәскеу тұрса, Ресей Президентін мұндай қадамға не итермелеуі мүмкін деген сұраққа бірнеше жауаптар ұсынылады. Соларға кезек берсек.

Бірінші себеп – өш алу. Франция – Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстарға байланысты батыл пікір айтып, ресейшіл сепаратистерді ашық айыптаған мемлекет. Екінші себеп – тағы да өш алу. Путин мен Порошенко кездесуі «төрттік» форматта Франсуа Олландтың ьастамашылдығымен өтті. Онда Путиннің ұстанымдары түсіністікпен қабылдану былай тұрсын, күлкіге айналды. Одан кейін, Франция басылымдары Египетте апатқа ұшыраған  әуе кемесіне қатысты Путиннің бірнеше карикатураларын жариялады. Бұл да Ресей билігінің қитығына тиетіндей-ақ себеп. 

Оның үстіне, шулы теракт Түркияда үлкен жиырмалық басшыларының кездесуі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Оған қатысушылар түгелге жуық Путинмен кездесуден бас тартты. Басқосу хаттамасында жиынды ұйымдастырушы Р. Ердоғанның ғана Ресей басшысымен кездесуі жоспарланған. Сирияға шабуыл жасау арқылы әлемдік қауымдастық алдында ұпай жинау мақсаты тиісті деңгейде жүзеге аспай қалған В. Путин аталған жиындағы салмағын осылай арттыруды көздеген болуы да мүмкін.

Бірақ, бұл болжамдар әзірге ешбір ресми сипатқа ие емес. Әзірге. Бірер күнде сарапшылар мен ірі ақпарат құралдары қолдарында бар «бомба» мәліметтермен бөлісуді бастайды. Сол кезде осы болжамдардың расталып өалуы да мүмкін.

Айтса да, Париждегі қантөгістен Ресей арнайы қызметінің қолтаңбасын іздеуге тағы бір себеп – ұқсастық. «Батаклан» концерт залындағы лаңкестердің көрермендерді тұтқынға алып, оқ жаудырауы мен 2002 жылдың қазанындағы «Норд-Ост» оқиғасының ұқсастығы.

Дархан Мұқан

«Қамшы» сілтейді 

Қатысты Мақалалар