«Украиналық «Вести» газетінің тілшісі Вячеслав Веремий ақпанның 19-ы күні оққа ұшып, ауруханада қайтыс болды» - деп хабарлады тікелей эфирде «Громадьске ТВ».
«Вести» газетінің мәліметі бойынша 18-ші ақпан күні белгісіз адамдар Веремий мен компанияның басқа қызметкері Алексей Лымаренко келе жатқан таксиге шабуыл шасаған. Автокөлік бағдаршамға тоқтаған сәтте бетперде киген адамдар көлікке «Молотов коктейлін» лақтырып, ішіндегі жолаушыларды соққан. Осы кезде журналист оққа ұшып, оны ауыр халінде ауруханаға жеткізеді. «Вести» басылымы журналистің қайтыс болғаны туралы ақпартты растамады.
Шабуыл жасаған топ туралы ресми ақпарат жоқ. Украинаның Бұқаралық ақпарат институтының мәліметі бойынша Киевте бір тәуліктің ішінде кем дегенде 27 журналист зардап шеккен.