Француз билігі Сириядағы содырларға шабуылын күшейтті

/uploads/thumbnail/20170708203519464_small.jpg

Парижде орын алған бірнеше лаңкестік оқиғаларға жауап ретінде Сириядағы ДАИШ ұйымының қарамағындағы аумақтарға әуе шабуылын күшейтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы France 24-ке сілтеме жасап.

Франция әскери-әуе күштері ДАИШ-тың астанасы саналатын Ракка қаласын бомбалады. Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан әскери базалардан көтерілген он жойғыш ұшақ аталған қала аумағына 20 бомба тастаған. Соққылар салдарынан басқару орталығы, жаттығу лагері мен лаңкестердің оқ-дәрі қоймалары, содырларды баулу орталықтары жойылды.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл әскери операция АҚШ-пен келісіле отырып жүргізілген.

Естеріңізге салсақ, 13 қарашада Парижде бірнеше ірі лаңкестік әрекеттер орын алып, 150-ге жуық адам қаза тапты, 300-ден астам тұрғын жарақат алған.

«Қамшы» сілтейді  

Қатысты Мақалалар