Орыс балалары намаз оқып, елді таң қалдырды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708203520214_small.jpg

Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы мектептердің бірінде оқитын бір топ оқушы жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан Орталық мешітке келіп, саяхат жасап қайтты. Ғаламтор желісіне жүктелген видеода олардың сыныптастарына еліктеп, намаз оқығаны көрсетілген. Бұл туралы «Қамшы» порталы muslim.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында видео тез арада танымалдыққа ие болып үлгерген.

Фейсбук желісінің қолданушы Әнуар Омаров есімді азамат видеодағы намаз оқып тұрған оқушының ұлы Дәуіт екенін жазған. Бесін намазына тап келген Дәуіт мешітте намаз оқуға ниет етеді. Ал, сыныптастары болса, оның соңынан сап түзеп, көргендерін қайталай бастайды. Оқушыларды видеоға сынып жетекшілері түсіріп алған.

Қатысты Мақалалар