Франция жалауын көтергендер – Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйгендер

/uploads/thumbnail/20170708203526042_small.jpg

Францияның жалауын таққандарды көріп бір күнде патриот болып шыққандарға тек күлкің келеді. Басқа кезде қайда қалды екен? Францияда қайғылы жағдай болмаса өздерінің қазақ екенін білмей жүре берермеді? Бейбіт елде, бейбіт тұрғындардың қаза болғанына тағзым етіп құрмет білдіру, бірдірмеу әркімнің жеке шаруасы. Өзгені силаған адам өзің елін сүймейді деп кім айтты? Құрбандарды аза тұтып, көңілін білдіргендерге тарлық ету азаматтыққа жатпайды.

Құрметті мұсылман бауырлар! Ислам діні – әлемдегі ең таза дін. Ендеше, бізде мұсылман деген атымызға сай болайық. Бір адамның қателігі үшін, бүкіл қауым жауап бермейді. Санасыз бір оспадар журналисттың қателігі үшін бір емес, екі мәрте теракт жасау қай мұсылмандылыққа жатады. Біле білсеңіздер, бізддің асыл дінімізге селкеу түсіріп жүргендер осындай теракт ұйымдастырушылар. Осындай мұсылмандар арасындағы мұсылман деген атқа лайық еместердің кесірінен асыл дінімізге, пайғабарымызға тіл тигізетіндер көбейеді. Ал, олардың бәрінен кек ала берсек, асыл дінімізді лайлай береміз. Мұсылмандар, мұсылман деген атқа лайық болайық. Франциядағы жағдай мен Сирия жағдайы салыстыруға келмейді. Тек, екеуіндегі бір ортақтық лаңкестердің кесірінен бейбіт халықтар бейкүнә кетуде. Сирия мәселесі шынында өте күрделі. Ол туралы БАҚ-та айтылып, жазылып жүр. Неше жылдан бері Башар Асат пен оппозиция және лаңкестік ұйымдар арасындағы қақтығыстардың кесірінен неше мыңдаған мұсылман бауырларымыздың қаза болғаны рас. Неше мыңдаған адам босқын болып кетті. Оның бәріне Франциядағы теркат құрбандарын еске алғандар да азаматтық пікірлерін білдіріп келе жатыр. Сондықтан, Франциядағы трекатке қайғырып, Сирияға қарамадыңдар деу артық айтқандық болады. Франция жалауын көтергендер - Адамзаттың бәрін бауырым деп сүйгендер.

Тұрдыбек Құрметханның Фейсбук парақшасынан

Қатысты Мақалалар