КАЛАЧИДЕН ЕЛ КӨШТІ

/uploads/thumbnail/20170708203607699_small.jpg

Калачи мен Красногорскіден  138 отбасы көшірілді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлім етті.

Оның айтуынша,  Есіл ауданының Калачи ауылы мен Красногорск кентінен қолайсыз экологиялық жағдайға байланысты мемлекет тарапынан аталған ауылдардың тұрғындарын облыстың өзге  өңірлеріне көшіру туралы шешімге қолдау көрсетілді.

«Қазіргі уақытта, республикалық бюджет қаражатының есебінен 2 үй, атап айтқанда: Есіл қ. 45 пәтерлі тұрғын үй және Державинск қ. 75 пәтерлі тұрғын үй салынды», - деді өңір басшысы.  

Сонымен қатар әкімнің айтуынша, Есіл қаласында 73 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

«Бүгінгі күні, аталған елді мекендерден 138 отбасы көшірілді. Жұмыс жалғастырылуда», - деді С.Кулагин.

Қатысты Мақалалар