Елдің Парламент Мәжілісі қаржы және бюджет жөніндегі комитеті алдағы үш жылға арналған республика бюджетін талқылауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Осы мәселе бойынша Мәжіліске келген Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев жаңа бюджетте АҚШ долларының бағамы 300 теңге болып белгіленгенін мәлімдеді.
«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетте доллар бағамын 300 теңге есебімен белгіледік» дейді министр.
Жаңа бюджетті талқылау кезінде доллар бағамына байланысты қиындықтар туып отырғаны бұған дейін де жария болған еді.
«Инфляция деңгейі мен доллар бағамы ойландырады. Осы екі мәселе бойынша қызу пікір талас жүруде. Біз жақын күндері барлығын қайта санайтын боламыз» деген болатын бұған дейін Қаржы министрінің орынбасары Лена Кармазина.